29 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында Ford Motor Company
US3453708600 (F_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
26.07.24 16:16
/KASE, 26.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 шілдесiнен
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
07 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Ford Motor Company
(АҚШ) US3453708600 ("KASE Global" секторы, F_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 07 тамызында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 09 тамызынан
бастап қайта басталады.
[2024-07-27]