"Fincraft Resources" АҚ 2023 жылдың шілдесі – 2024 жылдың шілдесі аралығындағы кезеңге KZ1P00000566 (SATCp) артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеуге ниетті

25.07.24 17:00
/KASE, 25.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Fincraft Resources" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 29 шілдесінен бастап өзінің KZ1P00000566 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, SATCp) артықшылықты акциялары бойынша 2023 жылдың шілдесі – 2024 жылдың шілдесі аралығындағы кезеңге дивидендтердің жалпы сомасы 392 649 869,00 теңгеге мөлшерінде, бір акцияға 1 теңгеден төленетіні туралы хабарлайды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SATC/satc_dividendsf_290724_87.pdf [2024-07-25]