"Standard Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ акционерлері компанияның 2023 жылдағы таза кірісін бөлмеу туралы шешім қабылдады

25.07.24 16:01
/KASE, 25.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Standard Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 23 шілдесінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2023 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекіту; - компанияның 2023 жылдың қорытындысы бойынша таза кірісін бөлмеу және оны компанияның меншікті капиталында қалдыру. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі сегіз мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SKSL/sksl_special_shareholders_meeting_results_230724_2589.pdf [2024-07-25]