25 шiлдеден бастап KASE-де Texas Instruments Inc
US8825081040 (TXN_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
25.07.24 09:35
/KASE, 25.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 25 шiлдеден
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
31 шiлдесiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Texas Instruments
Inc. (АҚШ) US8825081040 ("KASE Global" секторы, TXN_KZ) жай акцияларымен
KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі
құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2024 жылдың 31 шiлдесiне көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 02 тамызынан
бастап қайта басталады.
[2024-07-25]