/KASE, 24.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 24 шілдесінен
бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Ай Қараауыл" АҚ
(Алматы) KZ1C00001007 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, AKRL)
жай акциялары бойынша мынадай ақпарат өзгергенін хабарлайды:
- жарияланған жай акциялар саны 150 000 данадан 1 150 000 данаға
өзгертілді;
- акцияның номиналды құны 2 209,17 теңгеден 2 209,00 теңгеге өзгерді.
Бұған дейін осы тақырып бойынша 2024 жылдың 24 шілдесінде "Қазақстан
Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Ай Қараауыл"
АҚ акцияларының шығарылым аңдатпасын енгізілген өзгерістермен тіркеді"
тақырыбындағы KASE жаңалығы жарияланған болатын –
https://kase.kz/kz/news/show/1526213/
[2024-07-24]