23 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында QUALCOMM Inc.
US7475251036 (QCOM_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
22.07.24 17:32
/KASE, 22.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 23 шілдесiнен
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
05 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, QUALCOMM, Inc.
(АҚШ) US7475251036 ("KASE Global" секторы, QCOM_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 05 қыркүйегiнде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 09 қыркүйегiнен
бастап қайта басталады.
[2024-07-22]