KASE Листингілік комиссиясы " Aspan Almaty Qala" ЖШС KZ2P00011661
(ASQApp1) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми
тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
17.07.24 17:21
/KASE, 17.07.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы
2024 жылдың 17 шілдесінде "Aspan Almaty Qala" ЖШС (Алматы) KZ2P00011661
(1 000 теңге, 6,0 млрд теңге; 4 жыл, тоқсандық купон, жылдық 25,00%;
30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне
енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға ASQApp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік
комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2024-07-17]