АНОНС: 16 ШІЛДЕДЕ KASE "ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

12.07.24 16:40
/KASE, 12.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 16 шілдесінде "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ өкілдері үшін "ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ басшылығымен кездесу өтетінін хабарлайды. Басталу уақыты – Алматы қ. уақытымен сағ. 11:00, өтетін орны: Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, Smart Point коворкинг орталығы, 2-қабат, "Freedom" залы. Кездесу барысында "ALTYN SAMURYK QAZAQSTAN" АҚ басшылығы 2023 жылғы қаржылық нәтижелер туралы ақпарат беріп, сондай-ақ бағалы қағаздардың жоспарланған шығарылымдары туралы мәлімдейді. Іс-шара спикерлері: - Гульбану Пазылхаирова, "ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ бас директоры; - Зулхия Джананова, "ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ қаржы директоры; - Едил Калыбаев, "ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ өндірістік директоры; - Гульмира Касылова, "Eastern Gold" ЖШС директоры; - Шолпан Айнабаева, "SkyBridge Invest" АҚ Басқарма Төрағасы. Тіркелу үшін pr@kase.kz. электрондық поштасына хабарласу қажет. [2024-07-12]