/KASE, 11.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Қазхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ (Ақтөбе) KASE-
ге 2024 жылдың 12 тамызында сағат 11:00-де акционерлердің жылдық
жалпы жиналысы басталатынын хабарлады. Жиналыстың күн тәртібінде:
- компанияның 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
- компанияның 2023 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту;
- 2023 жылғы дивидендтер, компанияның бір жай акциясына шаққандағы
дивиденд мөлшері туралы;
- акционерлердің компания мен оның лауазымды тұлғаларының іс
әрекеттеріне қатысты шағымдары және оларды қарау нәтижелері.
Жиналысқа қатысты толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/KZCR/kzcr_special_shareholders_meeting_info_120824_78.pdf
[2024-07-11]