/KASE, 10.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2024
жылдың 09 шілдесіндегі шешімімен Еуропалық қайта құру және даму
банкінің US29874QFA76 ($3 050 млн; 25.01.24 – 25.01.29; жартыжылдық
купон, жылдық 4,125%; 30/360) халықаралық облигациялары KASE ресми
тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына
енгізілді.
Көрсетілген облигацияларға рұқсат берудің бастамашысы – "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы).
Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 10 шілдесінен бастап күшіне енеді.
KASE-де осы облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланады.
Аталған облигацияларға EBRDe26 (сауда коды) қысқартылған белгісі
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат сілтеме
бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/bonds/show/EBRDe26/
[2024-07-10]