/KASE, 05.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE, Биржа) өз акционерлеріне
бұрын 2024 жылдың 19 шілдесіне тағайындалған KASE акционерлерінің
кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі – жиналыс) 2024 жылдың
06 тамызына ауыстыру туралы хабарлайды.
Жиналыс 2024 жылдың 06 тамызында сағат 10:00-де (осында және одан әрі
– Астана қ. уақыты) Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, "Almaty Towers"
көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8-қабат мекенжайы
бойынша өтеді.
Жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе "Қазақстан қор биржасы" АҚ
акцияларын сатып алу кезінде олардың құнын анықтау әдістемесіне
өзгерістер енгізу туралы" мәселе болып табылады.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2024 жылдың 06 тамызында жиналыс
өткізілетін орын бойынша 09:00-ден 09:45-ке дейін жүзеге асырылады.
Кворум болмаған жағдайда Биржа акционерлерінің қайталама жалпы
жиналысы 2024 жылдың 07 тамызында сағат 10:00-ден сол мекенжай
бойынша өткізіледі, жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2024 жылдың
07 тамызында сағат 09:00-ден 09:45-ке дейін жиналыс өткізілетін орын
бойынша жүзеге асырылады.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар KASE акционерлерінің тізімі 2024 жылдың
05 тамызы сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалады.
Жиналысты өткізуге қатысты қосымша ақпарат алу үшін мына телефон
арқылы хабарласуға болады: +7 (727) 237 5343.
Жиналысты өткізу туралы хабарламаның толық мәтіні Биржаның интернет-
ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді
https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_060824_kaz.pdf
[2024-07-05]