Қазақстан Қаржы министрлігі 02 шілде күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ KZK100001087 (MUM108_0013) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 13,47 %-бен орналастыра отырып, 31,7 млрд теңге тартты

04.07.24 17:41
/KASE, 04.07.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 02 шілдесінде Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ (KZK100001087, MUM108_0013) орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың 04 шілдесінде облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 31 657 731 467,5 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 02 шілде күні Қазақстан қор биржасында 33,5 млн МЕУКАМ (KZK100001087, MUM108_0013) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 13,47 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1524680/ [2024-06-27]