Қазақстан Қаржы министрлігі 02 шілде күні Қазақстан қор биржасында МЕККАМ KZK100000357 (MKM012_0158) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 13,34 %-бен орналастыра отырып, 35,3 млрд теңге тартты

04.07.24 17:36
/KASE, 04.07.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 02 шілдесінде Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕККАМ (KZK100000357, MKM012_0158) орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың 04 шілдесінде облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 35 297 969 500,0 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 02 шілде күні Қазақстан қор биржасында 400,0 млн МЕККАМ (KZK100000357, MKM012_0158) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 13,34 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/news/show/1524674/ [2024-06-27]