/KASE, 03.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың
03 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
"Астрахань - Маңғышлақ" магистральдық су ағызғысын реконструкциялау
және кеңейту 1 кезек» инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде
тартылған "Қазақстан Халық банкі" АҚ қарызын қайта қаржыландыру үшін,
"Магистральдық Суағызғысы" ЖШС (қатысу үлесінің 100%-ы "ҚазТрансОйл"
АҚ-ға тиесілі) Еуразиялық даму банкінен 108 ай мерзімге 21 млрд теңге
сомасында қарыз алды. Қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме – өзгермелі,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің жылдық
минусы 2%.
2024 жылғы 1 шілдеде "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС Еуразиялық даму
банкінің қарызын толық көлемде игерді, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ қарызы
бойынша 21 млрд теңге сомасына негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын
өтеуді жүзеге асырды.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қараша айында "Астрахань-
Маңғышлақ" магистральдық су ағызғысын реконструкциялау және кеңейту 1
кезек" инвестициялық жобасын қаржыландыру үшін "Магистральдық
Суағызғысы" ЖШС «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қарыз алған болатын. Осы
кредиттік желі шеңберінде 41,4 млрд теңге игерілді (қарыз бойынша
пайыздық мөлшерлеме – өзгермелі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
базалық мөлшерлемесі плюс жылдық 2,5%).
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_030724_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_030724_1.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_030724_en.pdf – ағылшын тілінде.
[2024-07-03]