03 шiлдеден бастап Қазақстан қор биржасында US5951121038 (MU_KZ)
Micron Technology, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
03.07.24 09:22
/KASE, 03.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 03 шiлдеден бастап
орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
08 шiлдесiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Micron Technology,
Inc. (АҚШ) US5951121038 ("KASE Global" секторы, MU_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 08 шiлдесiнде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 10 шiлдесiнен
бастап қайта басталады.
[2024-07-03]