/KASE, 02.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың
01 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи
монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша
департаментінің бұйрығына сәйкес "Магистральды суағызғысы" ЖШС
(қатысу үлесі 100 % "ҚазТрансОйл" АҚ-ға тиесілі) тарифтік реттеудің
ынталандырушы әдісін қолдана отырып, магистральдық құбырлар арқылы
сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметіне жаңа тарифтер
енгізеді.
2024 жылдың 1 шілдесінен 2025 жылдың 30 маусымына дейін өнеркәсіптік
кәсіпорындар мен басқа да коммерциялық ұйымдар үшін тариф 1 400
теңге/куб.м құрап, 104,8%-ға өсті; 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30
маусымға дейін – 1 450 теңге/куб.м, немесе 3,6%-ға өсті; 2026 жылғы 1
шілдеден 2027 жылғы 30 маусымға дейін – 1500 теңге/куб.м, немесе 3,4%-ға
өсті; 2027 жылғы 1 шілдеден 2028 жылғы 30 маусымға дейін – 1 550 теңге/куб.м,
3,3%-ға өсті; 2028 жылғы 1 шілдеден бастап 2029 жылғы 30 маусым – 1600
теңге/куб.м, өсім 3,2% құрады.
2024 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 30 маусымға дейін мұнай және газ
өндіруші кәсіпорындар үшін тариф 21%-ға өсіп, 2 472,99 теңге/куб.м құрайды;
2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейін – 2 922,90 теңге/куб.м,
немесе 18,2%-ға өсті; 2026 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы 30 маусымға дейін
– 7,1%-ға өсіп, 3 130,33 теңге/куб.м құрады; 2027 жылғы 1 шілдеден 2028 жылғы
30 маусымға дейін – 4 132,03 теңге/куб.м, немесе 32%-ға өсті; 2028 жылғы 1
шілдеден 2029 жылғы 30 маусымға дейін – 3 521,41 теңге/куб.м, немесе 14,8%-
ға төмендеді.
2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2029 жылғы 30 маусымға дейін халыққа,
бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға, сондай-ақ халыққа,
бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға коммуналдық қызметтер
көрсететін басқа да кәсіпорындар үшін тариф 30 теңге/м³ құрады, немесе
66,3%-ға өсті.
2024 жылдың 1 шілдесінен 2029 жылдың 30 маусымына дейін ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тариф 100 теңге/куб.м құрап, 53,9%-ға
өсті.
дәйексөздің соңы
Баспасмөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_010724_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_010724_1.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_010724_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-07-02]