/KASE, 01.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Баян Сұлу" АҚ (Қостанай) компанияның 2023 жылғы
шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша KASE-ге аудиторлық
есебін ұсынды.
2023 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):
--------------------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.23 31.12.22
---------------------------------- ---------- ----------
Меншікті капитал 29 306 810 26 513 431
Жиынтық активтер 52 952 914 56 640 419
Жиынтық міндеттемелер 23 646 104 30 126 988
Сату көлемі 55 480 988 48 831 132
Жалпы табыс 10 504 078 10 001 456
Таза пайда (таза шығын) 2 807 501 4 591 996
Жай акцияның баланстық құны, теңге 628 566
ROA, % 5,30 8,11
ROE, % 9,58 17,32
ROS, % 5,06 9,40
--------------------------------------------------------
Компанияның 2023 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін "Crowe Audit KZ"
ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған
қаржылық есептілік барлық маңызды аспектілерде "Баян Сұлу" АҚ мен оның
еншілес ұйымдарының 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша
шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған
қаржылық нәтижелерін және ХҚЕС сәйкес көрсетілген күні аяқталған
жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын сенімді көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/BSUL/bsulf6_2023_cons_rus.pdf
[2024-07-01]