/KASE, 01.07.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ (Ақтөбе)
компанияның 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша
аудиторлық есебін KASE-ге ұсынды.
2023 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):
-----------------------------------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.23 31.12.22
------------------------------------------- ------------- -------------
Меншікті капитал 400 831 195 204 082 787
Жиынтық активтер 1 699 303 310 1 538 028 830
Жиынтық міндеттемелер 1 298 472 115 1 333 946 043
Сауда көлемі 1 067 716 640 1 289 288 331
Жалпы табыс 373 645 276 700 033 344
Таза пайда (таза шығын) 197 043 171 485 912 630
Жай акцияның баланстық құны, теңге 3 978 2 009
Артықшылықты акцияның баланстық құны, теңге 867 927
ROA, % 11,60 31,59
ROE, % 49,16 238,10
ROS, % 18,45 37,69
-----------------------------------------------------------------------
Компанияның 2023 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін "ПрайсуотерхаусКуперс"
ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған қаржылық
есептілік барлық маңызды қатынастарда "Қазхром" трансұлттық компаниясы"
АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарының 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы
жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың
шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ға сәйкес көрсетілген
күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын
анық көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/KZCR/kzcrf6_2023_cons_rus.pdf
[2024-07-01]