01 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc. US7170811035
(PFE_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
28.06.24 14:53
/KASE, 28.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01 шілдесiнен
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
26 шілдесiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Pfizer Inc. (АҚШ)
US7170811035 ("KASE Global" секторы, PFE_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 26 шілдесiнде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 29 шілдесiнен
бастап қайта басталады.
[2024-06-28]