01 шiлдеден бастап Қазақстан қор биржасында Freeport-McMoRan Inc.
US35671D8570 (FCX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
28.06.24 14:51
/KASE, 28.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01 шiлдесiнен
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
15 шiлдесiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Freeport-McMoRan Inc.
(АҚШ) US35671D8570 ("KASE Global" секторы, FCX_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2024 жылдың 15 шiлдесiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың 17 шiлдесiнен
бастап қайта басталады.
[2024-06-28]