/KASE, 28.06.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Матен Петролеум" АҚ (Атырау) 2024 жылдың
01 тамызында сағат 10:00-де оның акционерлерінің жылдық жалпы
жиналысы басталатынын, оның күн тәртібіне мынадай мәселелер
енгізілгенін KASE-ге хабарлады:
- қоғамның 2023 жылға аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту;
- 2023 жылғы есепті қаржы жылындағы қоғамның таза табысын бөлу
тәртібі мен нысанын анықтау және қоғамның бір жай акциясына
есептегенде 2023 жылға дивиденд мөлшерін бекіту. Дивидендтерді
төлеудің басталу күнін анықтау;
- акционерлердің 2023 жылы қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының іс
әрекеттеріне өтініштерін қарау және оларды қарау қорытындылары.
Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/MATN/matn_special_shareholders_meeting_info_010824_672.pdf
[2024-06-28]