/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2024 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ СЫНЫПТАРЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

26.06.24 12:12
/KASE, 26.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер қатарынан 2024 жылдың шілде айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2024 жылдың 24 маусымындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға қатысты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды. 2024 жылдың 01-31 шілде аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздар тізіміне 50 атаудағы бағалы қағаздар енгізілді. 2024 жылдың маусым айында қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді: 2024 жылдың маусымында қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класс тізімінен мыналар шығарылды: 1) Meta Platforms, Inc. (АҚШ) US30303M1027 ("KASE Global" секторы, META_KZ) жай акциялары; 2) Amazon.com, Inc. US0231351067 ("KASE Global" секторы, AMZN_KZ) жай акциялары; 3) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000025 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағздары" секторы, CSECfe) пайлары; 4) iShares MSCI France ETF US4642867075 ("KASE Global" секторы, EWQ_KZ) ETF бағалы қағаздары; 5) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) ETF бағалы қағаздары; 6) NVIDIA Corp. (АҚШ) US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) жай акциялары. Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың шілде айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_jul.pdf Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың маусым айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_jun.pdf Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf [2024-06-26]