26 маусымнан бастап Қазақстан қор Starbucks Corporation
US8552441094 (SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылады
25.06.24 16:42
/KASE, 25.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 26 маусымынан
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
16 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Starbucks Corporation
(АҚШ) US8552441094 ("KASE Global" секторы, SBUX_KZ) жай акцияларымен
KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 16 тамызында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 19 тамызынан
бастап қайта басталады.
[2024-06-25]