24 маусымнан Қазақстан қор биржасында Global X Robotics & Artificial
Intelligence US37954Y7159 (BOTZ_KZ) ETF бағалы қағаздарының сауда-
саттығы тоқтатылады
24.06.24 10:09
/KASE, 24.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 24 маусымынан
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде
жүзеге асырылатын олармен жасалған репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2024 жылдың 27 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін
Global X Robotics & Artificial Intelligence US37954Y7159 ("KASE Global"
секторы, BOTZ_KZ) ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда-саттық
тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2024 жылдың 27 маусымында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың
01 шілдеден бастап қайта басталады.
[2024-06-24]