/KASE, 21.06.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Матен Петролеум" АҚ (Атырау) KASE-ге компанияның
2023 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық
есебін ұсынды.
2023 жылдың 31 желтоқсандағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):
----------------------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.23 31.12.22
---------------------------------- ----------- -----------
Меншікті капитал 130 260 568 92 259 273
Жиынтық активтер 250 717 069 212 883 940
Жиынтық міндеттемелер 120 456 501 120 624 667
Сату көлемі 162 520 654 191 032 513
Жалпы табыс 116 848 055 150 047 673
Таза пайда (таза шығын) 38 001 295 43 054 372
Жай акцияның баланстық құны, теңге 1 626 1 151
ROA, % 15,16 20,22
ROE, % 29,17 46,67
ROS, % 23,38 22,54
----------------------------------------------------------
Компанияның 2023 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін "Эрнст энд
Янг" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған
қаржылық есептілік барлық маңызды аспектілерде "Матен Петролеум" АҚ
мен оның еншілес компаниясының 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы
жағдай бойынша қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың қаржылық
нәтижелерін және ҚЕХС-ға сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша
қаражаттарының қозғалысын анық көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/MATN/matnf6_2023_cons_rus.pdf
[2024-06-21]