/KASE, 21.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
17 маусымынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар
нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM*
сериясы) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты "KMF (ҚМФ)"
Микроқаржы ұйымы" АҚ KZ2P00009772 (MFKMb3) облигацияларын алып
тастады (20 маусым – өтеу кезінде тізілімді тіркеу күні).
2024 жылдың 20 маусымынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының
өкілдік тізімі 53 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – корпоративтік облигациялар бойынша жинақталған сыйақыны
есепке алмағанда олардың бағалары бойынша есептелетін баға индексі
("таза" бағалар бойынша).
Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
жарияланды
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2024-06-21]