/KASE, 21.06.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 19 маусымында "FinQ" ЖШС
(Алматы) KZ2P00011471 (FINQpp2; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 10 жыл;
жылдық купон, жылдық 10,00%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру"
алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 21 маусымынан бастап
күшіне енеді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/FINQpp2/
[2024-06-21]