20 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Перу
Республикасының Экономика және қаржы министрлігінің
US715638bu55 (PE_01_2708) және US715638DE95 (PE_02_2601)
халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды
20.06.24 09:43
/KASE, 20.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
20 маусымынан бастап Перу Республикасының Экономика және қаржы
министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-
саттық тоқтатылғанын хабарлайды:
- US715638BU55 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, PE_01_2708);
- US715638DE95 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, PE_02_2601).
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес KASE-де
2024 жылдың 25 маусымында қолданылу мерзімі аяқталатын көрсетілген
облигацияларды кері сатып алу туралы 2024 жылдың 18 маусымында
тендерлік ұсыныс жарияланғаны туралы ақпараттың болуына байланысты
тоқтатылды.
[2024-06-20]