/KASE, 20.06.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "КА "ID Collect (АйДи Коллект)"
ЖШС (Алматы) KZ2P00009681 ("жеке орналастыру" алаңы, IDCOpp1)
облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) сатып
алу бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2P00009681
KASE сауда-саттық коды: IDCOpp1
Номиналды құны, АҚШ доллары: 100 000
Шығарылым көлемі, АҚШ доллары:
– тіркелген: 5 000 000
– орналастырылған (номиналы бойынша): 4 200 000
Айналыстың басталу күні: 16.05.23
Айналыс мерзімі: 2 жыл (720 күн)
Купон мөлшерлемесі: жылдық 14,50 %
Купонды төлеу мерзімділігі: ай сайын
Уақыттық базасы: 30 / 360
------------------------------------------ --------------------------------
Сауда-саттық күні: 20.06.24
Орналастырудың жарияланған көлемі, 200 000
АҚШ доллары:
Лот мөлшері, дана: 1
Сауда-саттық мәні: "таза" баға
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:00–15:00
Өтінімдерді растау уақыты: 11:00–15:00
Кесім уақыты: 15:30 (Т+0)
Төлеу күні және уақыты: 20.06.24, 15:30
Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан төмен өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты кесімді бағаға тең немесе сатушы
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру үшін ұтымдырақ болатын
тәсілі: қарсылама шектелімді
өтінімдердің бағасы бойынша
Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау
кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес
ұйымы – "BCC Invest" АҚ
---------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда)
көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен
жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес
есептеледі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf
Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның
қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем
уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/kz/membership
Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf
[2024-06-20]