/KASE, 18.06.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Fincraft Group" ЖШС (Алматы) KASE-ге келесі ақпарат берді:
дәйексөздің басы
2024 жылдың 13 маусымында S&P Global Ratings рейтинг агенттігі
серіктестіктің "В/В" деңгейіндегі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік
рейтингін және "kzBB+" деңгейіндегі ұлттық шкала бойынша рейтингін
растады. Рейтингтердің өзгеру болжамы "теріс" болып өзгертілді.
Кейіннен эмитенттің барлық несиелік рейтингтері серіктестіктің өтініші
бойынша кері қайтарылды.
дәйексөздің соңы
Аталған ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/NCOM/ncom_rating_130624_50.pdf
[2024-06-18]