18 маусымнан бастап KASE-де Microsoft Corporation US5949181045
(MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
17.06.24 15:43
/KASE, 17.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 18
маусымынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024
жылдың 15 тамызына және одан кейінгі күндерге келетін Microsoft
Corporation (АҚШ) US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ) жай
акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі
құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2024 жылдың 15 тамызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 19 тамызында
қайта басталады.
[2024-06-17]