/KASE, 17.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 18
маусымынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында
US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) NVIDIA Corp. (АҚШ) жай
акциялары бойынша 10-ға 1 коэффициентімен жүргізілген сплитке
байланысты келесі ақпарат өзгеретінін хабарлайды:
- жарияланған жай акциялар саны 2 500 000 000 данадан 24 600 000 000
данаға өзгерді;
- орналастырылған жай акциялар саны 2 396 804 463 данадан
23 652 472 668 данаға өзгерді.
2024 жылдың 18 маусымынан бастап KASE-де 2024 жылдың 27 мамырында
тоқтатылған акциялармен сауда-саттық қайта басталады.
Аталған тақырып бойынша осыған дейін KASE-де 2024 жылдың 27
мамырындағы "27 мамырдан бастап KASE-де US67066G1040 (NVDA_KZ)
NVIDIA Corp. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" жаңалығы
жарияланған болатын –
https://kase.kz/ru/news/show/1522023/
[2024-06-17]