/KASE, 17.06.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Каспий" Тауар Биржасы" АҚ (Астана) KASE-ге Қазақстан
Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024
жылдың 04 маусымында тіркеген өзгерістері бар акциялар шығарылымының
проспектісін және бұрын берілген қоғамның жарияланған акцияларының
шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ауыстыратын құжатты
ұсынды.
Аталған құжаттарға сәйкес:
- куәлік қоғамның орналасқан жерінің өзгеруіне және артықшылықты
акциялары бойынша дивидендтің кепілді мөлшерінің өзгеруіне
байланысты ауыстырылды;
- артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдендірілген
мөлшері – 80 теңге;
- акциялардың шығарылымы 4 112 500 жай KZ1C00005560 акцияларына
және 1 000 000 артықшылықты KZ1P00013585 акцияларына бөлінді.
Өзгерістер енгізілген акциялар шығарылымының проспектісі мына сілтеме
бойынша орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/EXCS/excsf9_izm_040624_.pdf
[2024-06-17]