17 маусымнан бастап KASE-де Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) жай
акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
14.06.24 16:33
/KASE, 14.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 17
маусымынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024
жылдың 22 шілдесіне және одан кейінгі күндерге келетін Caterpillar (АҚШ)
US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-
саттық уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі
құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2024 жылдың 22 шілдесінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 24 шілдесінде
қайта басталады.
[2024-06-14]