/KASE, 07.06.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Нұрбанк" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 28 мамырында
өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы
KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады:
- банктің 2023 жылғы жеке аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
- банктің 2023 жылғы аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі
бекітілсін;
- банктің 7 614 700 мың теңге мөлшеріндегі таза табысы бөлінбей
қалдырылсын, 2023 жылға банктің жай акциялары бойынша дивидендтер
есептелмесін және төленбеcін.
Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі сегiз мәселе бойынша
шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_special_shareholders_meeting_results_280524_7649.pdf
[2024-06-07]