/KASE, 06.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
07 маусымында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы
қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін "KEGOC" АҚ
басшылығымен кездесу өтетінін хабарлайды.
Іс-шараның басталуы – Алматы қ. уақыты 10:00, өтетін орны: Алматы қ.,
Байзақов к-сі, 280, Smart Point коворкинг орталығы.
Кездесу барысында "KEGOC" АҚ өкілдері 2023 жылдың және 2024 жылдың
бірінші тоқсанындағы операциялық және қаржылық нәтижелермен
таныстырады, сондай-ақ ұлттық электр желісін дамыту жөніндегі
жобалардың іске асырылуы, компанияның болашағы мен Даму стратегиясы
туралы әңгімелейді. Сарапшылар мен қаржы сарапшылары "KEGOC" АҚ-
ның қаржылық жағдайын бағалауды және компания акцияларының құны
бойынша болжамдарды ұсынады.
Іс-шара спикерлері:
- Айгүл Әкімбаева, "KEGOC" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі
басқарушы директоры;
- Эльвира Қонақбаева, "KEGOC" АҚ Стратегия және орнықты даму
жөніндегі басқарушы директоры;
- Әділ Табылдиев, "Halyk Finance" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdZSnKemJi63fxVUnpQerkLE_f1AfArIS-RaMrTwxESwj-2iw/viewform
[2024-06-06]