/KASE, 06.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
06 маусымыннан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер
базасында "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) USN97716AA72, US98953VAA08
(KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, ZHMNe2, $560,0 млн; 13.11.12
– 25.06.33, жартыжылдық купон, жылдық 9,50%, 30/360)) және
USN64884AA29, US66978CAA09 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар"
санаты, ZHMNe3, $400,0 млн; 14.02.14 – 14.01.33, жылдық 9,50% жарты
жылдық купон, 30/360) облигациялары бойынша мынадай ақпарат өзгергені
туралы хабарлайды:
- купондық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,50 %-дан жылдық 6,50 %-ға
өзгерді (2024 жылдың 01 қаңтарынан бастап қоса алғанда қолданылады);
- купондарды төлеу кезеңділігі 2024 жылдың 15 желтоқсанынан бастап
жылына екі реттен бір рет – жыл сайын 15 желтоқсанда болып өзгерді;
- төлем агенті, тіркеуші және трансфер-агент Citibank N. A.-дан "GLAS
Trust Company" ЖШҚ-ға өзгертілді.
06 маусымнан бастап KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттық
қайта басталды, олар 2024 жылдың 04 маусымынан бастап тоқтатылды.
Облигациялар шығару туралы келісімдерге 2024 жылдың 29 мамырындағы
қосымша келісімдер орналастырылған:
-
https://kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmnf4_%D0%952_izm_290524.pdf
-
https://kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmnf4_%D0%953_izm_290524.pdf
[2024-06-06]