"ЮНИКРЕДО" МҚҰ "ЖШС KZ2P00011174 (MFUCb6) облигациялары
баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг
процедурасынан өтті
05.06.24 16:25
/KASE, 05.06.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2024 жылдың 05 маусымында "ЮНИКРЕДО" МҚҰ "ЖШС
(Алматы) KZ2P00011174 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық
купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылдың 21 қазанында
10,0 млрд теңге сомаға тіркеген "ЮНИКРЕДО "МҚҰ" ЖШС-нің бірінші
облигациялық бағдарламасы шегінде екінші болып табылады.
Аталған облигацияларға MFUCb6 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2024-06-05]