/KASE, 05.06.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Нұрбанк" АҚ (Алматы) KASE-ге банктің 2023 жылғы
шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті
ұсынды.
2023 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):
-----------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.23 31.12.22
----------------------- ----------- -----------
Меншікті капитал 56 315 785 47 179 907
Жиынтық активтер 461 397 075 465 198 838
Жиынтық міндеттемелер 405 081 290 418 018 931
Таза пайда (таза шығын) 7 742 385 5 656 645
ROA, % 1,68 1,22
ROE, % 13,75 11,99
-----------------------------------------------
Банктің 2023 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін "Grant Thornton" ЖШС
жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған қаржылық
есептілік барлық маңызды қатынастарда "Нұрбанк" АҚ мен оның еншілес
ұйымдарының 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша
шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған
қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ға сәйкес көрсетілген күні аяқталған
жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын анық көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbnf6_2023_cons_rus.pdf
[2024-06-05]