05 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Meta Platforms, Inc.
US30303M1027 (META_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
05.06.24 09:52
/KASE, 05.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
05 маусымынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2024 жылдың 14 маусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін,
Meta Platforms, Inc. (АҚШ) US30303M1027 ("KASE Global" секторы,
META_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 14 маусымында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 маусымынан
бастап қайта басталады.
[2024-06-05]