05 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Alphabet INC.
US02079K1079 (GOOG_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылды.
05.06.24 09:39
/KASE, 05.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
05 маусымынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша
есеп айырысу күні 2024 жылдың 10 маусымына және одан кейінгі
күндерге келетін, Alphabet INC. (АҚШ) US02079K1079 ("KASE Global"
секторы, GOOG_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10)
тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 маусымында көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың
12 маусымынан бастап қайта басталады.
[2024-06-05]