/KASE, 03.06.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 31 мамырында "Orient Group
KZ" ЖШС (Қарағанды) KZ2P00011448 (ORNTpp1; 1 000 теңге, 7,0 млрд
теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 19,75%; 30/360)
облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне
енгізу туралы шешім қабылдады.
Көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялайды: субсидияланатын
бөлігі жылдық 13,75%, субсидияланбайтын бөлігі жылдық 6,00% құрайды
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 03 маусымынан бастап
күшіне енеді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/ORNTpp1/
[2024-06-03]