Қазақстан қор биржасының акционерлері 2023 жылға дивидендтер
төлеу туралы шешім қабылдады
30.05.24 18:58
/KASE, 30.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа)
акционерлерінің 2024 жылдың 30 мамырында өткен жылдық жалпы
жиналысының шешімімен KASE дивидендтік саясатына өзгертулер мен
толықтыру енгізілді.
Жаңартылған дивидендтік саясатқа сәйкес Биржа акционерлері 2023 жылға
дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады және келесі төлем тәртібін
анықтады:
- 9 259 132,5 мың теңге немесе оның аудиттелген шоғырландырылған
есептілігіне сәйкес Биржаның 2023 жылдағы таза пайдасы мөлшерінің
50 %-ы дивидендтер төлеуге жіберілсін;
- KASE (KZ1C00001213) бір жай акциясына дивиденд мөлшерін анықтау
– 8 611,30 теңге;
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқығы бар
Биржа акционерлерінің тізімі 2024 жылдың 10 маусымында Алматы
уақытымен сағат 00.00-дегі жағдай бойынша жасалады деп белгіленсін.
Сол күннен бастап дивидендтер төлеу басталады, ол заңнамаға сәйкес
акционерлердің жалпы жиналысы дивидендтер төлеу туралы шешім
қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап 90 күнтізбелік күн өткенге дейін
аяқталуы тиіс;
- Биржа акционерлеріне дивидендтерді банктік шоттарына аудару
арқылы қолма қол ақшасыз төлеу;
- дивидендтер төлеушінің атауы, орналасқан жері, банктік және өзге де
деректемелері: "Қазақстан қор биржасы" АҚ, Алматы қ., Байзақов көш,
280, "Almaty Towers" ХҚК солтүстік мұнарасы, СТН 600200049149, БСН
931240000220, "Altyn Bank" АҚ-дағы KZ679491100000342657 банктік
шоты, БСК ATYNKZKA, КБ 15.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Биржаның Дивидендтік саясаты
қаржы нарығы инфрақұрылымының маңызды бөлігі ретінде биржалық топты
жеткілікті капиталдандыруды қолдау және инвестициялар объектісі ретінде
акционерлер үшін KASE құндылығын арттыру арасындағы теңгерімді
қамтамасыз етуге арналған.
[2024-05-30]