/KASE, 30.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – Биржа) 2024 жылдың
30 мамырында Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткенін
хабарлайды, онда мынадай шешімдер қабылданды:
1. Биржаның 2023 жылдағы қызметі туралы есеп назарға алынсын.
2. Биржаның 2023 жылдағы тұрақты дамуы туралы" есеп назарға
алынсын.
3. Биржаның дивидендтік саясатына №1 өзгертілер мен толықтыру
бекітілсін.
4. Биржаның 2023 жылға жеке және шоғырландырылған аудиттелген
жылдық қаржылық есеп берушілігі бекітілсін.
5. Биржаның 2023 жылдағы таза табысы (пайдасы) 18 518 265 мың теңге
мөлшерінде былайша бөлінсін:
9 259 132,5 мың теңге (50 %) Биржа акционерлеріне дивидендтер
төлеуге бағытталсын,
9 259 132,5 мың теңге (50 %) Биржаны дамытуға бағытталсын.
6. Эрнст энд Янг" ЖШС Биржаның 2024 жылға шоғырландырылған және
жеке қаржылық есеп берушілігіне аудит жүргізу мақсатында Биржаның
аудиторлық ұйымы болып белгіленсін.
7. 2023 жылдағы Биржаның Директорлар кеңесі мен Басқармасы
Мүшелерінің сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат
назарға алынсын.
8. 2023 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша Биржаның Директорлар
кеңесінің мүшелеріне жылдық сыйлықақы төленсін.
9. Биржаның Директорлар кеңесінің сандық құрамы анықталсын – 10 адам,
оның ішінде:
Директорлар кеңесінің сайланбайтын үш мүшесі (Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу және дамыту жөніндегі уәкілетті органның
өкілі, Қазақстан Республикасы "Бағалы қағаздар нарығы туралы"
заңының 84 бабының 4 тармағы негізінде Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің өкілі және Биржа Жарғысының 17 бабы 3 тармағының
2) тармақшасы негізінде Биржа Басқармасының Төрағасы (лауазымы
бойынша);
Биржа акционерлерінің мүдделерінің төрт өкілі;
Биржаның үш тәуелсіз директоры.
сайланатын ДК мүшелерінің өкілеттік мерзімін – олар сайланған күннен
бастап 2026 жылғы KASE жылдық қаржылық есептілігін қарауға
арналған АЖЖЖ өткізілгенге дейін белгіленсін.
Биржа акционерлерінің мүдделерінің өкілдері болып табылатын
Директорлар кеңесінің мүшелері болып сайлансын – Е. С. Әбдіразақов,
Е. А. Біртанов, В. Б. Крекотен, Е. И. Салимов.
Директорлар кеңесінің мүшелері, Биржаның тәуелсіз директорлары –
Ян Виллемс, Дорон Израиль, Елемесов А. Р. сайлансын.
10. 2024 жылдың 01 маусымынан бастап Биржаның Директорлар кеңесі
мүшелерінің өз міндеттерін орындағаны үшін ай сайынғы сыйақы
мөлшері белгіленсін.
11. 2023 жылы акционерлердің Биржаның және оның лауазымды
адамдарының қызметіне оның қызметі мәселелері бойынша
өтініштерінің болмауы туралы ақпарат назарға алынсын.
12. Биржа жарғысына №7 өзгертулер мен толықтырулар бекітілсін.
Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындыларына
арналған баспасөз мәлімдемесі KASE интернет-ресурсында орналастырылған:
-
https://kase.kz/files/press/kz/30_05_2024_GOSA_kaz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/kz/30_05_2024_GOSA_rus.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/kz/30_05_2024_GOSA_eng.pdf – ағылшын тілінде.
[2024-05-30]