/KASE, 23.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 24 мамырындан
бастап "KMF (КМФ) "Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00011299 (KASE
негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFKMb4; 1 000 теңге,
20,0 млрд теңге; 21.05.24-21.05.25; жылдық купон, жылдық 17,75%; 30/360)
облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFKMb4/
[2024-05-23]