23 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында JPMorgan Chase & Co.
US46625H1005 (JPM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
23.05.24 09:47
/KASE, 23.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 23 мамырынан
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
05 шiлдесiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, JPMorgan
Chase & Co. (АҚШ) US46625H1005 ("KASE Global" секторы, JPM_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10)
тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 05 шiлдесiнде көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың
09 шiлдесiнен бастап қайта басталады.
[2024-05-23]