23 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында M&T Bank Corporation
US55261F1049 (MTB_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.
23.05.24 09:44
/KASE, 23.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 23 мамырынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
03 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін, M&T Bank Corporation
(АҚШ) US55261F1049 ("KASE Global" секторы, MTB_KZ) жай акцияларымен
KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 03 маусымында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 05 маусымынан
бастап қайта басталады.
[2024-05-23]