23 мамырдан бастап Invesco QQQ Trust, Series 1 US46090E1038
(QQQ_KZ) ETF бағалы қағаздары KASE ресми тізімінің "KASE Global"
секторына енгізіледі
22.05.24 17:25
/KASE, 22.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2024 жылдың 23 мамырынан бастап Invesco QQQ Trust, Series 1
US46090E1038 (сауда коды – QQQ_KZ) ETF бағалы қағаздары KASE ресми
тізімінің "KASE Global" секторына енгізілетін болады.
Аталған бағалы қағаздарға рұқсат берудің бастамашысы "First Heartland
Jusan Invest" АҚ (Астана) болып табылады.
KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттықтың ашылғаны
туралы қосымша хабарланады.
[2024-05-22]