21 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Macy's US55616P1049
(M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
20.05.24 17:18
/KASE, 20.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 21 мамырынан
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
14 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін Macy's (АҚШ) US55616P1049
("KASE Global" секторы, M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 14 маусымында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 маусымынан
бастап қайта басталады.
[2024-05-20]