/KASE, 16.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың сәуір
айындағы қызметінің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
- KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылдың сәуір айында
32,9 трлн теңгені құрады және наурыз айымен салыстырғанда 26,4 %-ға
немесе 6,9 трлн теңгеге өсті.
- Сәуір айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,3 %-ға
төмендеп, 5 011,59 тармақты құрады.
- Сәуір айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру
1,1 %-ға 30,5 трлн теңгеге дейін төмендеді, ал саудаланатын корпоративтік
борыш көлемі 0,8 %-ға 13,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
- Сәуір айында екі жаңа эмитенттің корпоративтік облигациялары және
KASE Global секторының бір жаңа эмитентінің акциялары листинг
рәсімінен өтті.
- 2024 жылдың 01 мамырындағы жағдай бойынша KASE-нің сауда-саттық
тізімдерінде 250 эмитенттің 679 атаудағы мемлекеттік емес бағалы
қағаздары болды.
Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақшаның, репо және
валюталық своп операцияларының, туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін,
сондай-ақ негізгі жобалар мен іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат
KASE интернет-ресурсында жарияланған KASE-нің баспасөз мәлімдемесінде
ұсынылған:
-
https://kase.kz/files/press/kz/16_05_2024_itogi_april_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/itogi_april_2024_ru.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/kz/16_05_2024_itogi_april_eng.pdf – ағылшын
тілінде.
[2024-05-16]